"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұқағали оқулары

12.02.2022 Мұқағали Мақатаевтың мәңгілік ғұмырға айналғанының бір дәлелі - жыл сайын туған күні қарсаңында Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ақынға арналған әдеби кештің өтілуі. Бүгін де, 9 ақпан күні қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Мұқағали оқулары» өтті. Конкурсқа 5-11 сынып оқушылары арасында 30 оқушы қатысты. Конкурстың мақсаты: оқушылар арасында Мұқағали шығармаларын насихаттау; шығармашылық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау; өлең сөзінің құдіретін жүрегімен түсіне білуге үйрету; жас ақындарға рухани қолдау көрсету. Конкурс «Айтып өткен ақында арман бар ма?», «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...», «Жыр эстафетасы» номинациялары бойынша оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. «Бас жүлдеге» ие болғандар - 5 сыныптар бойынша Солтан Ақерке; 6 сыныптар бойынша Айдос Еңгілік; 7 сыныптар бойынша Теңелбай Сұлтан; 8 сыныптар бойынша Арғынбай Фатима. Ақынға арнау номинациясы бойынша Бас жүлде – Қуанышбай Айзере. «Мен 21 ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Одан кейінгі ұрпақтың да туысымын» деген М.Мақатаев келешекті болжап кеткендей. Ақынның көрегендігіне еріксіз таңданасың! Шыныменде, бүгінгі конкурстан түйгеніміз, бүгінгі ұрпақ ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуда өз ішкі жан-дүниелерімен үндескендей сезім қалдырды. Ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері: Сердалиева Жазира Кикбаевна, Абдрахманова Айгүл Ертайқызы. Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.
Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст