19.02.2022
19 ақпан күні Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде мектепішілік «Үздік Жас маман - 2022» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: жас мамандардың педагогикалық-психологиялық, әдістемелік, шығармашылық қабілеттерін байқау, оқушылармен қарым-қатынас орната білу қабілеттерін шыңдау, әріптестері арасында өзіндік орнын қалыптастыру.
Байқауға 8 жас маман қатысты. Байқау мектеп директоры Туркестанбаева А.А. құттықтау сөзімен ашылды. Жас мамандар байқауды «Тек, алға!» әнімен ашты. Жүргізушілер көрермендерді әділ қазы алқаларымен таныстырды.
1. Туркестанбаева А.А. - мектеп директоры
2. Байгаскинова Кульбаршын Зейкеновна - оқу ісінің меңгерушісі
3. Жунусова А.К. - тәрбие ісінің меңгерушісі
4. Абдрахманова А.Е.- бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары
Байқау 6 кезеңнен тұрды:
1. Таныстыру;
2. Панарамалық сабақтарын ютуб каналына жариялап, сол бойынша бағалану;
3. «Мен мұғаліммін» тақырыбында эссе жазу;
4. Педагогикалық жағдаятты шешу;
5. Портфолио
6. Өнер көрсету.
Байқау қорытындысы бойынша жас мамандар төмендегідей «Мадақтамалармен» марапатталды.
1-орын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Урынбаева Қаламқас;
2-орын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - Дауылбаева Меруерт;
2-орын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Абдуллина Гульдарай Жанабаевна;
3-орын бастауыш сынып мұғалімі - Қапашева Қалуа;
3-орын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - Қаратай Ақбота;
Белсенділік көрсеткен жас мамандар:
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - Тилеубек Ауез;
Бастауыш сынып мұғалімі - Қалданқызы Арайлым;
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - Бақытнұр Өркен.
Барлық жас мамандарды жеңістерімен құттықтаймыз, жетекшілік еткен тәлімгерлеріне алғыс айтамыз. Аудандық «Үздік Жас маман - 2022» байқауына жолдама алған бастауыш сынып мұғалімі Қапашова Қалуаға ақ жол тілейміз.
Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.