03.03.2022
Наурыздың екінші жұлдызы ұлт азаттығы үшін күрескен елінің ері, сал, серілер дәстүрін ұстап, саятшылық құрып, суырып салма ақын, күрескер әнші болған Иманжүсіп Құтпанұлының 1931 жылы ОГПУ жанындағы үштіктің шешімімен атылған күні. Атаулы күнге орай тау тұлғаның немересі, философия ғылымының докторы, профессор Иманжүсіпова Раушан Нұрханқызымен тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Кездесу кіріспе сөзі Раушан Нұрханқызының ұлт азаттығы үшін аянбай күрескен асқар тұлға жайлы құнды деректермен бөлісумен басталып, тәрбие ісі меңгерушісі Ұлболсын Тобышбаевнаның орындауындағы , сөзінің авторы мектебіміздің дарынды түлегі, Еуразия ұлттық университетінің Журналистика факультетінің түлегі, 2 курс магистранты, журналист, жас ғалым Серіков Әл-Фараби Теміржанұлы, әуенін жазған тәжірибелі ұстаз, музыка пәнінің мұғалімі Жанти Ардабек «Иманжүсіп – тау тұлға!» атты мектептің әнұранымен жалғалғасын тапты. Кездесу барысында мектеп оқушылары, аудандық «Иманжүсіп оқуларының» жүлдегерлері Есен Ұлан Иманжүсіп Құтпанұлына арнауымен, Тортаев Ерасыл ақын өлеңін жатқа мәнерлеп оқуымен өнерлерін көрсетіп, Раушан Нұрханқызының батасын алды. Мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Абдрахманов Олжас «Ерейментау» әнін орындап, тыңдарманын тамсандырды. Мектеп директоры Туркестанбаева Ақнұр Арысбаевна Раушан Нұрханқызына тағылымды кездесудің себепкері болып, мектеп оқушыларын құнды деректермен қаруландырған елеулі еңбегіне алғыс білдірді. Кездесу қорытындысында мектеп оқушысы Махамбетов Асқар оқушылар атынан ұйымдастырушы мектеп әкімшілігіне, Раушан Нұрханқызына алғыс білдіріп, ұсыныс, пікірін айтты. Кездесудің тағылымды, әсерлі өтуіне себепкер болған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хусайн Ханат ұстаздың қорытынды сөздерімен аяқталды.