"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үздік педагог 2022 (мектепішілік кезең)

14.03.2022 12 наурыз күні Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Абдрахманова Айгуль Ертаевнаның ұйымдастырумен мектепішілік «Үздік педагог – 2022!» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: педагогтердің педагогикалық-психологиялық, ғылыми-инновациялық, әдістемелік, шығармашылық әлеуетін аудан, облыс, республика деңгейінде көтеру, ынталандыру. Байқауға әр бірлестіктен 7 мұғалім қатысты. Жүргізушілер көрермендерді әділ қазы алқаларымен таныстырды. 1. Хакимжанова К.М. – оқу ісінің меңгерушісі; 2. Байгаскинова Кульбаршын Зейкеновна - оқу ісінің меңгерушісі 3. Жунусова А.К. - тәрбие ісінің меңгерушісі 4. Абдрахманова А.Е.- бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Байқау 6 кезеңнен тұрды: 1. Таныстыру; 2. Эссе «Үздік педагог»; 3. «Менің әдістемелік жұмыстарым» портфолиоларын тапсыру; 4. Педагогикалық-инновациялық тақырыптарын қорғау; 5. Панорамалық сабақтарын ютуб каналына жариялап, сол бойынша бағалану; 6. Педагогикалық сұрақтарға жауап беру; 7. Өнер көрсету. Байқау қорытындысы бойынша педагогтер төмендегідей «Мадақтамалармен» марапатталды. Бас жүлде – информатика пәнінің мұғалімі Лесбекова Улданай Анарбековна; 1-орын тарих пәнінің мұғалімі – Ишмухаммедова Улболсын Тобышбаевна; 2-орын бастауыш сынып мұғалімі Канафина Инкар Канашевна; 2-орын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметбек Айнұр Амантайқызы; 3-орын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Камалатова Динара Сагынбайқызы; 3-орын жаратылыстану пәнінің мұғалімі Тлеуова Айнур Балтабаевна; 3-орын өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Қуан Ұлбүбі «Үздік портфолио» иегері – Ахметбек А.А. «Үздік эссе» жазған – Лесбекова У.А. «Педагогикалық-инновациялық тақырыптарын қорғау» бойынша авторлық бағдарлама қорғаған ұстаздар – Камалатова Д.С. және Канафина И.К. Педагогикалық сұрақтарға шебер жауап берген – Лесбекова У.К. Әншілік өнерлерімен көрермендерді тамсандырған әнші ұстаздар – Ишмухаммедова У.Т. мен Қуан Ұ. Он саусағынан өнер тамған ұстаз – Тлеуова А.Б. Байқау соңында Лесбекова У.А. өзінің «Жүректегі тамшылары» кітабының тұсаукесерін жасады. Кеш өте тартымды өтті. Жүргізушілер – Байлау Жұрағат пен Базылканова Жадыра ұлағатты ұстаздар жайында тағылымды, дана ойлармен бөлісіп, кештің маңыздылығын арттырса, байқау қонағы Жанти Ардабек Ұстаздарға әдемі ән жолдады. Барлық педагогтерді жеңістерімен құттықтаймыз! Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.
Просмотров: 258


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст