14.03.2022
Мектебімізде 10 наурыз күні 5-6 сыныптардың қыздары арасында «Қыз сыны-2022» атты байқауы болып өтті. Қыз баланы ақылды да инабатты, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге баса назар аударған. Қазіргі қоғамымызда да әр қазақ отбасы ата-баба дәстүрін жалғастырып, тәрбиелі де өнерлі, білімді де іскер, нағыз қазақ қызын қалыптастыруда елеулі еңбек атқаруда.
«Қыз сыны-2022» байқауы үш кезеңнен тұрды.
І кезең -таныстыру
ІІ кезең-өз өнерін көрсету
ІІІ кезең – қолдан жасалған бұйымдарын таныстыру
Сайыс қортындысы бойынша:
Бас жүлде – 6 «ә» сынып оқушысы Айдос Еңілік
І орын -5 «д» сынып оқушысы Семсер Айдана
ІІ орын- 5 «г» сынып оқушысы Жұмабай Аяна
ІІ орын-5 «а» сынып оқушысы Нияз Каусар
ІІІ орын- 6 «а» сынып оқушысы Қуанышбай Айзере
ІІІ орын- 6 «г» сынып оқушысы Сайфолла Айғаным
ІІІ орын- 5«ә» сынып оқушысы Уалихан Аизия
Сайысқа түскен қалған қатысушыларға арнайы номинациялар берілді.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз әже-аналарының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.