05.04.2022
*ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ:*
*ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯ МЕН ИННОВАЦИЯ*
2022 жылдың 29-30 наурызы аралығында «Ұрпақ тәрбиесі: оқу үдерісіндегі интеграция мен инновация» атты озық педагогикалық тәжірибелердің ІІ республикалық форумы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауд., Батыр ауылдық округі, Емір шағын ауданының «№10 ЖББМ» КММ де Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Нұрсұлтан қ, Ақтау қ. келген ұстаздардың қатысуымен өткізілді.
*Форум мақсаты* – білім мазмұнының жаңаруы жағдайындағы оқу-тәрбие үдерісін интеграциялаудың теориялық және әдістемелік негіздерін ЖОО ғалымдары, мектеп басшылары, мұғалімдер, педагог-психологтар және зиялы қауым өкілдері тарапынан талқыға салу, озық тәжірибелермен бөлісу, бағыттар бойынша қорытынды жасау.
*Форум онлайн және офлайн форматта өткізіліп, офлайн қатысушылар өз педагогикалық тәжірибесін баяндама және презентация форматында ұсынды.
Осы форумға мектебіміздің ұстаздары қатысып өз тәжірибелерімен бөлісіп, керемет әсермен оралды. І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып өз білімдерін шыңдай түсті. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!