2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыт – математика, физика, химия, биология, география, информатика пәндері бойынша және қоғамдық-гуманитарлық бағыт – қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқық, ағылшын тілі пәндерінен ұйымдастырылды. Тапсырмаларды республикалық «Дарын» РҒПО әдістемелік кеңесі әзірледі. Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінен 9-11 сыныптар бойынша аудандық кезеңге 28 оқушы қатысып, соның сегізі жеңіспен оралды. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жалпы пәндер бойынша білім деңгейлерін бақылау, білімді оқушыларды анықтау және ынталандыру. Нәтижесінде оқушылар төмендегідей жетістіктерге жетті: Жутан Марат 10 Ә сынып оқушысы – физика пәнінен 3-орын, пән мұғалімі: Сейтказиева Асыл Маратовна; Оразбекұлы Укаша 9 Б сынып оқушысы – құқық пәнінен 3-орын, пән мұғалімі: Ташетова Назгүл Булекбаевна; Джомартова Меруерт 11 А сынып оқушысы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 1-орын, пән мұғалімі: Жунусова Амина Кумарбековна; Сұлтантегі Асылжан 9 Ә сынып оқушысы – орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 2-орын, пән мұғалімі: Сарсенбаева Маржан Кайруллиевна; Таласпаев Саят 9 Б сынып оқушысы – ағылшын тілі пәнінен 1-орын, пән мұғалімі: Аманхан Нұржаз; Сатығұл Мақпал 10 А сынып оқушысы – орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 3-орын, пән мұғалімі: Абилсеитова Бакыт Каблановна; Талап Айша 11 А сынып оқушысы – орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 1-орын, пән мұғалімі: Сулейменова Гульнар Естаевна; Кеңесбай Дилназ 11 А сынып оқушысы – Қазақстан тарихы пәнінен 1-орын, пән мұғалімі: Кадырбаева Бибигуль Кенесбаевна. Кеңесбай Дилназ Қазақстан тарихы пәнінен облыстық кезеңге жолдама алып, жақсы деңгейде білім көрсетіп қайтты, пән мұғалімі: Кадырбаева Бибигуль Кенесбаевна. Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз! Болашақта тек биіктерден көріне беріңіздер, БІЛІМПАЗ ОҚУШЫЛАР! Директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.