"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай оқулары», «Мағжан оқулары», «Ілияс Жансүгіров оқулары», «Махамбет оқулары», «Мәшһүр Жүсіп Көпеев оқулары», «Әбіш Кекілбаев оқулары"

15.04.2022 7 сәуір күні аудандық «Абай оқулары», «Мағжан оқулары», «Ілияс Жансүгіров оқулары», «Махамбет оқулары», «Мәшһүр Жүсіп Көпеев оқулары», «Әбіш Кекілбаев оқулары» өтті. Аталған оқуларға Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінен 22 оқушы қатысты. Оқулардың мақсаты – оқушылардың бойындағы өнерге деген сүйіспеншілікті ояту, ақындық, шешендік қабілеттерін дамыту, Талантты оқушыларды аудан, облыс, республика деңгейінде танытып, ынталандыру. Оқушыларды конкурсқа іріктеу, дайындық жұмыстарымен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері айналысты. Нәтижесінде мектебіміздің оқушыларының өнерлері әділ қазы алқаларының тарапынан лайықты деңгейде бағаланды. «Абай оқулары» бойынша "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" ақынға арнау номинациясынан 10 сынып оқушысы Сағантай Зинеп 1-орын алып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хусайн Ханат. "Ұлылар әлемі" эссе жазу номинациясы бойынша 8 Б сынып оқушысы Қаратай Ақтолқын 3-орынға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бакитжан Ботакөз. «Мағжан оқулары» бойынша «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» ақынға арнау номинациясынан 9 Б сынып оқушысы Бақыт Аяулым 3-орынға ие болды, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Айгуль Ертаевна. «Мәшһүр Жүсіп Көпеев оқулары» бойынша «Білімді зерек адам болам» эссе жазу номинациясынан 8 Б сынып оқушысы Елеубаева Сабина 3-орын алды, «Ұлы даланың ұлы есімдері» зерттеу жүргізу номинациясынан 8 Б сынып оқушысы Ирисова Аида 2-орынға ие болды, жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бакитжан Ботакөз. Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз! Болашақта тек биіктерден көріне беріңіздер, ӨНЕРПАЗ ОҚУШЫЛАР! Директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.
Просмотров: 334


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст