19.04.2022
15 сәуір күні Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 3-4 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Абай оқулары» болды. Абай оқуларының негізгі мақсаты: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Міндеттері: Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Конкурс Абайдың образы мен өмірлік ұстанымын көрсететін шағын қойылыммен ашылып, оқушылардың мың бұралған биімен жалғасты. Аудандық «Абай оқуларының» жеңімпазы 10 сынып оқушысы Сағантай Зинеп Абайға жазған өз арнауын тыңдарман қауымға ұсынды. Конкурстың әділ-қазы алқалары анықталып, оқушыларға сәттілік жолданды.
Конкурсқа 3-4 сынып оқушыларынан әр номинация бойынша оқушылар қатысты. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 19 оқушы қатысты. 3 сыныптар бойынша Бас жүлдені 3 «В» сынып оқушысы Садырхан Шерхан алды, жетекшісі Маукенова Махаббат Балғабайқызы. 4 сыныптар бойынша Бас жүлдені 4 «В» сынып оқушысы Билимбек Амина алды, жетекшісі Касымханова Жұлдызай Батырбековна.
«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 10 оқушы қатысты, 4 сыныптар бойынша Бас жүлдені 4 «А» сынып оқушысы Құдайберген Қайсархан алды, жетекшісі Кудабаева Махаббат Калымтаевна, 3 сыныптар бойынша 3«В» сынып оқушысы Садырхан Шерхан алды, жетекшісі Маукенова Махаббат Балғабайқызы.
«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 6 оқушы қатысты, 3 сыныптар бойынша Бас жүлдені 3 «Г» сынып оқушысы Қуанған Балауса алды, жетекшісі Салтанбаева Айсулу Кенжебулатовна, 4 сыныптар бойынша Айтмұқанбет Інжу 4 «Г» сынып оқушысы алды, жетекшісі Серікова Айжан Серікқызы.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 4 оқушы қатысты. 3-4 сыныптар бойынша Бас жүлдені 3 «А» сынып оқушысы Еркен Жаннұр алды, жетекшісі Амренова Жаңалық Қожақызы.
«Абай оқуларының» аудандық кезеңіне келесі оқушылар шықты: Қуанған Балауса, Садырхан Шерхан, Билимбек Амина, Заманбек Нұрасыл, Құдайберген Қайсархан, Ауангарт Бибиза, Сембай Каусар, Айтмұқанбет Інжу, Ирмагамбет Аяулым, Жұман Нұрғиса, Еркен Жаннұр, Серикбай Аяжан, Жарболған Әділжан,
Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз! Болашақта тек биіктерден көріне беріңіздер, АБАЙТАНУШЫ ОҚУШЫЛАР!
Директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.