25.04.2022
«Балалар жылы» #балаларжылы аясында мектебімізде 23 сәуір күні 4 сынып ата-аналары арасында "Топжарған " атты ата-аналар арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті. Мақсаты: ата-аналар мен мектептің арасындағы қарым-қатынасты күшейтіп, салауатты өмір салтын насихаттап, спортпен шұғылданудың адам ағзасына пайдалы екенін балаларына үлгі ретінде көрсету. Кездесу барысында ата-аналар спортқа деген қызығушылық танытып, салауатты өмір салтын нығайтуда өз үлестерін қоса отыра, жақсы көңіл күймен ойнады.
Ата- аналар арасында ұйымдастырылған спорттық шарамыз қызықты өтіп, ата-аналарымыз осындай жарыстар бұдан әрі жалғасын таба берсін деген ниет білдірді. Жарыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлдені - 4 "А" сыныбы,
1 орынды - 4 "Г" сыныбы
2 орынды - 4 "Б" сыныбы иеленді. Қатысқан барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!!!