29.04.2022
2022 жылдың 27 сәуір күні мектебімізде 11 сынып мектеп бітірушілерінің ата-аналары және пән мұғалімдерімен бірлескен жиналыс өтті. Мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік қорытынды аттестатауды өткізу ережелерімен таныстыру және ҰБТ-дің былғы жылғы ерекшеліктерін атап өту.
Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жунусова Амина Кумарбековна Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі бекіткен, 11 сыныптарға арналған 2021-2022 оқу жылының қорытынды аттестаттау ережелерін ата-аналарға түсіндіріп өтті. 11 сынып білім алушылары үшін емтихан алынатын пәндерді, олардың өткізілетін уақытын, өтілу формасын таныстырды. Сонымен қатар, «АЛТЫН БЕЛГІ» үміткерлеріне қойылатын талаптарды түсіндірді. Әр пән мұғалімдері өздерінің емтихан алатын пәндері бойынша қойылатын талаптар мен емтихан алудың спецификасын, бағалау ережелерін баяндады. Емтихан пәндері бойынша қосымша сабақтар өткізіліп жатқандығы және әр оқушылардың дайындық деңгейлеріне тоқталып өтті.
Сонымен қатар, ҰБТ-дің өткізілу тәртібі жайлы толық түсіндіріп, ақпарат берілді.