"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық «English theatre Festival» фестивалі

29.04.2022 22 сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ижев ауылындағы Мәдениет үйінде аудандық «English theatre Festival» ағылшын тіліндегі театрландырылған қойылымдар фестивалі өтті. Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінен осы шараға 3 театрлық құрам өнерін көрсетуге барды. 5 Ә, 7Ә, 8 Б, 9 Ә сынып оқушыларынан құралған топтарды Есетова Т.К., Кенжалы Ә.Қ., Аманхан Н. ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері дайындады. Фестивальдің мақсаты: оқушылардың театр өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын дамыту. Нәтижесінде оқушылар әділ қазы алқаларының ризашылықтарына бөленіп, Мадақтамамен марапатталып қайтты. Оқушылар мен жетекшілерін айтулы іс-шарамен құттықтаймыз! Болашақта тек биіктерден көріне беріңіздер, ӨНЕРПАЗ ОҚУШЫЛАР! Директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.
Просмотров: 230


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст