Текст
3-мамыр күні И.Құтпанұлы атындағы орта мектебінде 8-10-сыныптар арасында «Жігіт сұлтаны» сайысы өткізілді. Сайыс: «Сәлем-сөздің анасы», «Білгенге маржан», «Талантыңмен таң қалдыр», «Күш атасын танымас», «Шебердің қолы ортақ» кеңеңдері бойынша өткізіліп, қатысушы оқушылар өз өнерлерін, білімдерін, шеберліктерін жан-жақты көрсете отырып, көрерменнің қошеметіне бөленді. Сайыс қорытындысы бойынша: Бас жүлдені 9 «Б»-сынып оқушысы Таласпаев Саят, І орынды 9 «Ә»-сынып оқушысы Тоқтаров Нұрмұхамед, ІІ орынды 10 «А»-сынып оқушысы Махамбетов Асқар, ІІ орынды 10 «Ә»-сынып оқушысы Тұрғанбек Асланбек, ІІІ орынды 8 «В»-сынып оқушысы Картанбек Жандәулет, ІІІ орынды 8 «Ә»-сынып оқушысы Зайт Бақдәулет, ІІІ орынды 8 «А»-сынып оқушысы Есен Бақдәулет иеленді.