"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аршалы дарыны

13.05.2022 Бүгін, 12 мамыр күні 8-11 сыныптар арасында «Ғылымдағы алғашқы қадамдар» атты «Аршалы дарыны» Y аудандық байқауы өтті. Аталған байқауға Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінен 10 оқушы (9 жоба) қатысты. Байқаудың мақсаты – оқушылардың бойындағы ғылымға деген қызығушылықты ояту, өнертапқыштық қабілеттерін дамыту, талантты оқушыларды аудан, облыс, республика деңгейінде танытып, ынталандыру. Нәтижесінде мектебімізден конкурсқа қатысқан 9 жобаның 5-і жүлделі орындарға ие болды. Физика пәнінен Хусайн Шахизат 1-орын, жетекшісі Алтаев Н.А., қазақ тілі мен әдебиетінен Қабдышева Елдана 2-орын, жетекшісі Абдрахманова А.Е., химия пәнінен Риспаева Еркінай 2-орын, жетекшісі Бабакова Г.Т., география пәнінен Сарсекина Лунара мен Жауқар Сардар 2-орын, жетекшісі Мұратхан А., Қазақстан тарихынан Қаратай Ақтолқын 3-орын, жетекшісі Кадырбаева Б.К. ие болды. Информатика пәнінен Төкен Айдана, физика пәнінен Абайұлы Әліби, қазақ тілі мен әдебиетінен Күмісбек Балауса, биология пәнінен Джомартова Меруерт өздерінің ғылыми жобаларын қорғап, белсенділік көрсетіп қайтты. Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз! Болашақта тек биіктерден көріне беріңіздер, ҒЫЛЫМҒА ҚАДАМ БАСҚАН ОҚУШЫЛАР! Директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.
Просмотров: 203


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст