"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық тамыз кеңесі жаратылыстану бірлестігі

26.08.2022 Тамыздың 19- ы күні «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» жаратылыстану-математикалық цикл педагогтарының аудандық панельдік сессиясы ұйымдастырылды. Аршалы ауданының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтеріне арналған жаратылыстану-математикалық цикл педагогтарының «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбы бойынша панельдік сессиясы өткізілді. Сессия жұмысында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру аясында мектептегі білім берудің математикалық мазмұны, оқу сабақтары және сабақтан тыс қызмет шеңберінде оқушылардың математикадан зерттеу қызметін ұйымдастыру, жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселелері талқыланды. Педагогтер практикада қолданылуы мүмкін функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстың жаңа әдіс-тәсілдерін ұсынды. Панельдік сессия жұмысының қорытындысы бойынша аудан педагогтері қызметінің 2022-2023 оқу жылдарына арналған басым бағыттарын айқындайтын ұсынымдар әзірленді.
Просмотров: 191


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст