26.08.2022
Тамыздың 18-ші жұлдызында «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» қоғамдық-гуманитарлық цикл педагогтарының аудандық панельдік сессиясы ұйымдастырылды.
Аршалы ауданының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтеріне арналған қоғамдық-гуманитарлық цикл педагогтарының «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында панельдік сессиясы өткізілді.
Панельдік сессияда 2022-2023 оқу жылына арналған нұсқаулық - әдістемелік хат негізінде аталмыш пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, оқушылардың білім сапасын арттырудағы, білім олқылықтарын толықтыру басқа да мәселелер талқыланды. Қатысушылар жоспарлау, оқу мақсаттары, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану бойынша сұрақтар қойып, тәжірибе алмасты.
Сессия жұмысы табысты, нәтижелі болды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мұғалімдерінің панельдік сессиясы жұмысының қорытындысы бойынша жаңа оқу жылына арналған қызметтің басым бағыттарын айқындайтын ұсыныстар талқыланып, қабылданды.