13.09.2022
Тілдер мерекесі және “Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес И.Құтпанұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 5-сыныптар арасында“ Ұшқыр ой мен шешен тіл” интеллектуалды сайыс өтті. Ұйымдастырушылар: АлкееваА,Д., Байғабыл М., Тілеухан М. Сайыстың мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу. Сайысқа 5 топ қатысты. 5 «А» сыныбы бас жүлдені, 5 «Ә» сыныбы I- орынды, 5 «Б» сыныбы II –орынды, 5 «В» сыныбы мен 5 «Г» сыныбы- III-орынға ие болды.
Сайыстың қорытынды сөзі мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Хусайн Ханатқа беріліп, ол кісі сайыстың деңгейін жоғары бағалап, мұндай интеллектуалдық сайыстар тоқсан сайын өткізіліп тұрғаны абзал екендігін атап өтті.
Мұндай интеллектуалды ойындардың өскелең ұрпақтарға берері мол.