"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай оқуларына қатысушы оқушыны марапаттау

13.09.2022 12 қыркүйек күні, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінде дүйсенбілік саптүзеуде республикалық «Абай оқуларына» қатысушы 11 А сынып оқушысы Сағантай Зинеп марапатталды. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша тамыз айында өткен «Абай оқуларына» мектебіміздің ғана емес, Ақмола облысының намысын көтеріп Сағантай Зинеп Абай Құнанбаевтың еліне аттанған болатын. Бала күнінен өлең-жырға құмар Зинеп жыл сайын түрлі конкурс, мүшарайларға қатысып, ақындық қабілетін шыңдап келген. Жас ақын Зинеп осы жолы да өзінің ақындық қабілетін өнерсүйер қауым алдында паш етіп, ұлы Абай атамызға өз арнауын ұсынды. Нәтижесінде Зинеп ұйымдастырушылардың арнайы сыйлығымен марапатталып, «Алғыс хатына» ие болды. Осындай конкурсқа қатысқан Зинепті, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хусайн Ханатты құттықтаймыз! Алдағы шығармашылық өмірде толағай табыстар тілейміз! Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.
Просмотров: 196


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст