13.09.2022
Бүгін Жібек жолы ауылы И.Құтпанұлы мектебінде Қазақстандағы тілдер мерекесі және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай волейболдан ересектер арасында сайыс болып өтті. Сайысқа 5 команда қатысты. Басты мақсат – ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орында Жібек жолы ауылының 3-массив командасы иеленсе, ІІ орында Жалтыркөл командасы иеленді. Ал жүлделі І орынды Аршалы ауданының командасы қанжығасына байлады. Бүгін өте тартысты ойынның куәсі болдық.