13.09.2022
#Кітапхана айдары
# ЖОЛДАУ 2022
#ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ
Бүгін Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектеп кітапханасында ұжымы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған "Əділетті Мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі Қоғам" атты жыл сайынғы жолдауын талқылады. Мектеп басшысы Ақнұр Арысбайқызы Жолдауда айтылған аса басым бағыттарға назар аударып, бастамалар мемлекет дамуының Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына арналатыны туралы айтып өтті. Жолдауда жүктелген міндеттер толық жүзеге асса, халықтың әл-ауқаты артып, жағдайы жақсарады деп ойдамыз.
Мектеп ұжымы Жолдаудағы ұсыныстар ең өзектілерін қамтыған, әсіресе биыл кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге берген ұсынысы өте орынды әрі болашаққа жасалған нық қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар қазіргі қоғамда кеңінен сөз болып жүрген мәселенің бірі әйелдердің зейнетке шығу жасы болатұғын. Бұл жолғы Жолдауында Президент қоғам үніне құлақ түріп, әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендейтінін мәлімдеді. Халықтың әл-аухатын көтеру жолындағы нақты жоспарлар бүгінде іске асып келеді. Соның бірі - ұлттық қор табысының 50 проценті балалардың есепшотына жиналады, - деген сөзінен аңғаруға болады. Әрине, бұл бағдарламалық ұсыныстардың бір күнде, бір мезетте орындала қалуы мүмкін емес. Сондықтан да мектеп ұжымы Жолдауда айтылған ұсыныстар мен тапсырмаларды қабыл алып, оны орындау жолында еліміздің дамуы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға ниет білдірді.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, жақсылықтарға жете берейік!