29.10.2022
22 қазан күні мектебімізде 25 қазан - Республика күніне орай оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға баулу мақсатында салтанатты жиын өткізіліп, оқушылар әнұранды орындады. Салтанатты жиында Республика күнінің тарихы жайлы мектеп директоры А.А.Туркестанбаева, тарих пәні мұғалімі О.Бахытхан баяндап өтті. Еліміздің өркендеуі жолында білім нәрімен сусындап, өз білімдерін облыстық, республикалық сайыстарда сынап жүрген оқушыларымыздың жобалары, жұмыстары жүлделі орындарға ие болып, салтанатты жиында марапатталды. «Ақмола облысының флорасы мен фаунасының 3Д атласы» номинациясы бойынша «Балқарағайлы Бурабай» тақырыбымен 8 «Ә» сынып оқушысы Түменбай Айшабибі 1-орынға ие болды. Жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі: Лесбекова Ұлданай Анарбековна. «Экотеатр» номинациясы бойынша «Ғарыш ғаламаты» тақырыбымен 9 «В» сыныбының оқушылары Азденбаева Алуа, Тәжімұрат Жанель, Баян Алдияр, Берикбол Темирлан 2-орынға ие болды. Жетекшісі: Шыназарова Лаура Ахановна. «Жасыл ел» номинациясы бойынша «Адамның мінез-құлқына, көңіл-күйіне әсер ететін иістер» тақырыбымен 7 «Б» сынып оқушысы Серікбай Аружан қатысты; жетекшісі: Мысанова Г.Б.«Green oasies» номинациясы бойынша «Мектеп ауласының ландшафтық дизайны» тақырыбымен 9 «В» сынып оқушысы Тәжімұрат Жанель қатысты. Жетекшісі: Назтан Арайлым Байғалиқызы.
11 «Ә» сынып оқушысы Қалияқбар Аят киокушинкай каратеден Республикалық турнирде 16-17 жас, 18-20 жас шамасында екі рет ІІІ жүлделі орынға ие болды.