09.11.2022
Қазанның 28- ші жұлдызында И. Құтпанұлы атындағы орта мектепте"Ұрпақ тәрбиесі: Жаңа Қазақстан біліміне тың және орнықты көзқарас"атты IV республикалық форум өтті. Аталған форумда "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап - өмірлік ұстаз" атты іс-шара өткізілді.Іс шараның мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жоба картасы бойынша ата-ана, ұстаз , оқушылардың оқу мәдениетін арттыру, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру,сөздік қорын молайту, күштеп емес ерікті түрде кітап оқуға машықтандыру, сыни ойлауға жетелеу. Заманауи мектеп оқушысының рухани-адамгершілік және интеллектуалдық дамуының шарты ретінде оқу сауаттылығын қалыптастыру және жетілдіру.
Іс-шараға қала, облыс, аудан, республика қонақтары қатысты. Форумға келген қонақтармен «Әдебиеттік тосап» атты тренинг ойынымен басталды. «Мен оқыған бір кітап» ата-аналар арасында, «Оқитын адам табысты адам» мұғалімдер арасында, « Менің сүйікті кітабым» оқушылар арасында жобасы іске асырылды. Келген қонақтар өз пікірлерін ортаға салып, өте белсенділік танытты. Қатысушыларға іс-шара соңында алғыс хат табысталды. Кітап оқу арқылы ғана біз болашақты болжап, келешегімізге кемел жол сала аламыз! Кітап оқып, рухани бай болайық!