14.11.2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Балаларға ерекше назар аудару керек, себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деген. Осыған орай, Ақмола обылысының әкімі Мыржықпаев Ермек Боранбайұлының, Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Жүсүпов Бейбіт Айтымұлының және Аршалы ауданының әкімі Балпан Мұрат Сағатұлының мен Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Құсайнов Айболат Аманжолұлының қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы» бұйрығына сәйкес, біздің мектебіміздің оқушыларын тасымалдауға берілген 2 жаңа автобусты аудан әкімінің орынбасары Нұрғазин Совет Теміртайұлы салтанатты түрде табыстады.