"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепшілік жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

17.05.2017

Иманжүсіп

Құтпанұлы атындағы  орта  мектебі

 

Мектепшілік жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

Хаттама №4

 

Күні: 12.05.2017

жыл

Қатысқаны:        292   ата-ана

 

Күн тәртібінде:

 

1.   

«Жаңартылған

бағдарлама мазмұнын енгізу туралы» Байгаскинова Күлбаршын Зейкеновна

2.   

«Жаңа

форматта ҰБТ тапсыру мен бітіру іс-шараларын ұйымдастыру бойынша» 11 сынып

жетекшісі Жунусова Амина Құмарбековна және 9 сынып жетекшісі Абсаттар Оразбек

Сералыұлы

3.   

 «Білім беру бағытында жаңартылған бағдарлама

мазмұнын енгізуге» ата-аналардың көзқарасы.   

Ата-аналар комитетінің мүшесі Арыстанбекова Жүмагүл Исагалиевна және

Жұмабекова Айсұлу Шаймухановна

4.   

Ата-ананың

балалардың мемлекеттік емтихан жұмыстарына ықпалы туралы. Мектеп психологы

Оразбекова Индира Боташевна

5.   

 Және соңғы мәселе мектепшілік материалдық

базаны нығайту және білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін  «Қамқоршылық кеңесін» ұйымдастыру туралы.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Абылкасимов Талғат Шайкенович.

Тыңдалды:

Жалпы осы мәселелер бойынша мектеп директоры Махамбетова Галия Хасеновна Қазақстан

Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпандағы Қазақстан

халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде

халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс екенін

айтып өтті..

-Жел бесіктен жер

бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйтқысы ата-ана мен мектеп. Болашақ

десек те, келешек десек те бала ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге

тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң оның болашағын

ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Сондықтан бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны

жаңа бағытқа бет бұрды.

Елбасы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде: «Біз

қазір «білім, ғылым, инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық

әлемге қарай бағыт алып барамыз»- деген болатын. Ендеше еліміздің әлемдік

үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін

арттыруда екені түсінікті. Осыған байланысты Білім басқармасы Қазақстан

Республикасы білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру

Департаментінің жоспарына сәйкес бүгін жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

өткізіліп отыр. Атап айтқанда, мектепте жеке тұлғаны рухани қалыптастыруға

жоғары басымдылық беріліп, үш тілде еркін сөйлейтін тұлғаларды тәрбиелеп шығару

көзделіп отырғанын айтып өтті.

 

Бірінші мәселе бойынша «Жаңартылған бағдарлама мазмұнын

енгізу туралы» 2016-2017 оқу жылында жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс

жасаған бастауыш сынып мұғалімі Байгаскинова

Күлбаршын Зейкеновна: «Жаңартылған бағдарлама мазмұнын енгізу туралы»

баяндама оқып, өз сөзін -Қазіргі таңда қазақ тілі мемлекеттік тіл,

қарым-қатынас тілі орыс және ағылшын тілдері- әлемдік кеңістікті тану тілін

оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып әр сабақта жан-жақты

қолданып жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып жүйелі түрдеқолдану – заман

талабы болып отыр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім

беру бағдарламасы келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттанарлық тың бағдарлама. Жалпы айтқанда жаңа бағдарламаның мәні

балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп

қабырғасында алған білімін өмірде пайдалана білу керек. Оқушы бойындағы

қабілетті жетілдіріп жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім –

болашақтың кепілі - деп қортындылады.

Екінші мәселе

бойынша «Жаңа форматта ҰБТ тапсыру мен бітіру іс-шараларын ұйымдастыру бойынша»

11 сынып жетекшісі Жунусова Амина

Құмарбековна баяндама оқып сөз алып биылғы жылдың жаңа форматта тапсыратын

ҰБТ жөнінде айтып кетті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің соңғы брифингінде

түлектердің қорытынды аттестациясының өткізілуі және ЖОО-ға түсу принциптері

туралы жаңа формат жарияланды. 2017 жылдан бастап түлектер мектептерде

емтихандар тапсырып (орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат және «Алтын белгі»

алу үшін), ЖОО-ға түсу үшін емтихан және мемлекеттік гранттың бөліну жүйесі функциясын

атқаратын ҰБТ тапсыратыны туралы, мектептерде қорытынды аттестация 5 пән

бойынша өтеді: 1. Ана тілі және әдебиеті (эссе жазу). 2. Қазақ тілінде білім

беретін мектептерде – орыс тілінен, ал орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерінде

– қазақ тілінен (тест түрінде). 3. Қазақстан тарихы (ауызша емтихан). 4.

Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша) 5. Таңдалған пән бойынша (физика,

химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика,

шет тілі (ағылшын, француз, неміс) – тест тапсырылатынын айтты.

  Және осы мәселе бойынша қосымша 9 сынып

жетекшісі Абсаттар Оразбек Сералыұлы толықтырып

өтті. Жазбаша және ауызша

емтихандар, сонымен қатар, тесттің жауап парақтары мектептердегі пән бойынша

емтихан комиссиясы дұрыс жауаптар кодтары арқылы тексеріліп, бағалайды.  

Барлық емтихан оқу

орнында – мектептерде өтеді. 

Аттестацияның қорытынды мерзімі министрліктің «2016-2017 оқу жылын

аяқтау туралы» (2017 жылдың 30 сәуіріне дейін) бұйрығы арқылы белгіленеді –

шамамен 2017 жылдың 29 мамыры мен 9 маусым аралығы. Түлектердің мектеп бітіру

кештері 2017 жылдың 15 маусымына дейін өткізілетіні туралы және осы жаңа

форматтағы ҰБТ төңірегіне біршама мәліметтер беріп өтті.

Үшінші мәселе жөнінде «Білім беру бағытында жаңартылған

бағдарлама мазмұнын енгізуге» ата-аналардың көзқарасы.    Ата-аналар комитетінің мүшесі Арыстанбекова Жүмагүл Исагалиевна сөз

алып жаңартылған бағдарлама бойынша мемлекетімізде қарқынды жұмыстар жүргізіліп

жатыр. Жалпы біздер ата-аналар қауымы осы жаңартылған мазмұндағы білім беруді

қолдаймын және барлығымыз қолдауымыз керек деп ойлаймын. Өйткені бұның бәрі

біздің балаларымыздың болашағы үшін жасалып отыр. Өйткені заман ағымы бір

орында тұрмайды, реформа бізге қашанда керек дей келе жаңартылған білім мазмұны

мен үш тілде білім беруді қолдауымыз керек деп сөзін қорытындылады.     

Келесі кезекте осы мәселе бойынша сөз алған ата-ана Жұмабекова Айсұлу Шаймухановна сөз алып

шынымен де биылғы жаңа форматта тапсырылатын ҰБТ тапсырмалары, эссе жазудың

күрделілігі жөнінде алаңдайтынын жеткізді.

Дегенмен бізге жаңартылған білім

мазмұны керек, балаларымыз бұған төселуі керек деп ойлаймын. Жалпы ештеңеден

қорықпай тек жақсы жағынан ойлайық.

     Күн тәртібінің

төртінші мәселесі бойынша мектеп

психологы Оразбекова Индира Боташевна  «Ата-ананың балалардың мемлекеттік емтихан

жұмыстарына ықпалы» тақырыбында баяндама оқыды. - Ата-ана тарапынан психологиялық қолдау

көрсету дегеніміз – өз баласының күшіне сену. Өз перзентін қолдау үшін ересек

адамдардың мүмкіндігі мол, өйткені ата-ананың абыройы бала тұлғасы үшін сөзсіз

жоғары болғандықтан, әкесінің немесе анасының пікірі көп жағдайда жасөспірім

үшін басты рөл атқаратыны анық. Балаға сенім артудың өзі — оның жігерін шыңдап,

талпынысын жандандыруға негіз бола алады. Жасыратыны жоқ, көп ата-ана өз

баласына түрлі жағдаяттарда сенбей, өзгелердің балаларымен салыстырып, өз

баласының мүмкіндіктерін төмендетіп отырады. Ол әрине, «балам жаман болсын»

деген оймен емес, керісінше, «шалыс қадамнан қорғаймыз» деген пиғыл деп

түсіндіреді. Дегенмен, бала қателеспей, өзіндік тәжірибе жинақтай алмайтыны

тағы бар, ал психологиялық тұрғыдан өз күшіне сенбейтін баланың өзін-өзі

бағалау деңгейі төмен болып қалыптасуы мүмкін. Сонымен, құрметті ата-ана,

балаңыздың қандай тұлға болып өсуі өздеріңізге тәуелді екенін ұмытпағайсыз- деп

баяндамасын аяқтады.

Және соңғы бесінші мәселе бойынша мектепшілік материалдық

базаны нығайту және білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін  «Қамқоршылық кеңесін» ұйымдастыру туралы. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Абылкасимов

Талғат Шайкенович сөз кезегін алды: - Бүгін сондай бір дидарласу кешінің

куәсі болып отырмын. Өйткені бүгінгі дидарласудың себебі ата-ана, ұстаз және

баланың болашағы. Өзіміз кеңес заманының адамы болсақ та қазіргі заман ағымына

ілесіп, ақпаратты техниканың барлық түрін меңгеріп отырмыз, өйткені заман

талабы осы. Тек Қазақстан емес барлық әлемде жаҺандану процессі жүріп жатыр.

Осылармен бірге айта кететін күрделі мәселе «Қамқорлық кеңесін» ұйымдастыру

болып отыр. Әрине «Қамқоршылық кеңесі» дегеніміз ол мәжбүрлеуге болмайды,ол

жеерге көбіне қолында шағын бизнесі бар, кәсіпкер адамдарды тарту керек және

осы кісілер мектепке көмек жасаса деген ұсынысымыз бар. Жалпы өткен жылдары

мектепке демеушілік жасаған адамдар болыпты. Оларға көптен көп алғыс айта

отырып, осы бірнеше адаммен шектеліп қалуға болмайды. Мектебіміз өте үлкен

700-ге жуық бала оқиды екен. Соған мына біздер сіздер болып көмектесейік. Мен

өзім мектеп директоры болып жұмыс атқарған адаммын. Мектептің жағдайын өте

жақсы білемін. Жалпы мемлекеттен бөлінген қаржы шынымен де кейде жеткіліксіз болып

жатады. Біз Қазақстанның Астанасы Астана қаласының жанында тұрамыз. Ал Астана

қаласы әлемдегі Астаналардың ішіндегі ең суық астана болып саналады. Ендеше

мемлекет бөлген, облыстың бюджетінен бөлінген қаражаттың басым бөлігі мектепті

жылытуға, қала берді жарықтандыруға кетеді. Егер мектеп директоры көмек

сұрайтын болса кәсіпкерлерден онда ол «өз қызметін асыра пайдаланды деген» айып

тағылады. Сол себепті осындай мәселелерді біз ұжым болып, ата-ана болып

көмектесуіміз керек. Балаларымыз дұрыс білім алсын десек, білім сапасы

жақсарсын десек мектепке көмек көрсетейік, қол ұшын берейік. «Қамқоршылық

кеңесін» ұйымдастырудың мақсаты да осы, - деп өз сөзін қорытындылады.

Соңғы сөз кезегін мектеп

директоры Махамбетова Ғалия Хасеновна алып, алдағы жаз мезгілінде жалпы қай

уақытта болмасын балалардың қауіпсіздігі туралы айтып өтті. Қазақстан

Республикасының бас прокуратурасының және Ақмола облыстық прокуратурасының

мәлімдемесі бойынша балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қатаң

тапсырды. Жалпы бала тәрбиесіне көп мән беріп, баланың жанына, жүрегіне сызат

түсіріп алмауды ойлаңыздар, өйткені бала жаны өте нәзік, сіздің қатты

сөзіңіздің өзін көтере алмай өзіне қол жұмсауы мүмкін. Баламен дос болыңыздар,

сырласыңыздар, көп уақытыңызды балаға арнаңыздар.  Ендеше «Жаңартылған бағдарлама мазмұнын

енгізуді баршамыз бірге қолға ала отырып ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен

нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен

адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындап, бірлесе әрекет

етуіміз қажет деп жиналысты қорытындылады.

 

Қаулы:

 

1.   

Бірінші

мәселе бойынша «Жаңартылған бағдарлама мазмұнын енгізу туралы» 2016-2017 оқу

жылында жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс жасаған бастауыш сынып мұғалімі Байгаскинова Күлбаршын Зейкеновнаның «Жаңартылған

бағдарлама мазмұнын енгізу туралы» баяндамасы қанағаттанарлық деп танылсын.

2.   

«Жаңа

форматта ҰБТ тапсыру мен бітіру іс-шараларын ұйымдастыру бойынша» 11 сынып

жетекшісі Жунусова Амина Құмарбековна және 9 сынып жетекшісі Абсаттар Оразбек

Сералыұлының мәлімдемесі негізге алынып бітіруші түлектермен жұмыс жасалсын.

3.   

Үшінші

мәселе бойынша, «Жаңартылған бағдарлама мазмұнын енгізу» жөнінде кеңінен

насихаттау жұмыстары одан әрі жүргізілсін.

4.   

Төртінші

мәселе бойынша мектеп психологы Оразбекова Индира Боташевна «Ата-ананың

мемлекеттік емтиханға ықпалы» баяндамасы «қанағаттанарлық» деп танылсын.

5.   

Бесінші

мәселе бойынша   «Қамқоршылық кеңесін»

ұйымдастыру туралы «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Абылкасимов Талғат

Шайкеновичтың ұсынысы негізге алынып, «Қамқоршылық кеңесі» құрылып, ата-аналар

комитетімен бірге ұйымдаса отырып, «Қамқоршылық кеңес» мүшелері мен кеңес

төрағасы сайлансын.

Хатшы:                    

Косымжанова Р.А.

 

Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст