Текст
Елбасы үндеуі талқыланды.
Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылдың
25 қаңтарындағы үндеуін насихаттау мақсатында мектебіміздің кітапханасында
дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Президент үндеуінен бейнеүзінділер көрсетіліді. Дөңгелек үстелге мектебіміздің мұғалімдері қатысты. Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Оразбек
Сералыұлы Әбсаттаров ҚР Президенті Нұрсүлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу жөніндегі үндеуі турлы өз пікірін білдіріп, ел дамуына ерекше серпін беретін бұл стратегиялық құжаттың маңызы зор екенін атап өтіп, Үндеуде айтылған негізгі бағыттарды атап өтті. Сонымен қатар мұғалімдер
де өз пікірлерін білдріді.