15.03.2023
Мектебімізде 10-наурыз күні 8-11-сынып оқушыларымен тәрбиелік жұмыстарды күшейту, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мақсатында тәрбие ісі меңгерушілері, мектеп психологы тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«ЧВК Редан» жайлы ақпарат берілді, жапон комикстары мангаларына еліктеуден «ЧВК Редан» мүшелері өздерінің әлеуметтік медиа топтарында көпшіліктің тек ойын-сауық мақсатында құрылғанын айтады: олар "терроризмді, суицидті, өзіне-өзі зиян келтіруді, есірткіні, зорлық-зомбылықты және басқа да заңсыз әрекеттерді насихаттамайды", сонымен қатар "саясатпен, дінмен және ұлтшылдықпен"байланысты емес.
Әлеуметтік желілердегі бейресми топ 2022-2023 жылдың қысында өздігінен пайда болғаны туралы ақпарат тарағаны, өздерін "ПМК Реданның" бір бөлігі деп санайтын жасөспірімдер бұл атау мангадағы "Геней Редан" қылмыстық ұйымының құрметіне алынғанын түсіндіретінін атап өтіп, әлеуметтік желілердегі бейресми топтардан алшақ болуға, бейтаныс адамдармен әлеуметтік желілер арқылы дотаспауға, ондай топтардан хабарлама келгенде ата-анаға, мектеп әкімшілігіне ақпарат беруге кеңестер берілді. Ата-аналарға аталған мәселелер бойынша сынып жетекшілер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,ата-аналар жауапкершілігіндегі заңнама нормаларын еске салып өтті.