Текст
И. Құтпанұлы атындағы орта мектебінде бүгін 2020 жылдың 16 қаңтарында оқытудағы тиімді әдіс тәсілдердің бірі - Блум таксономиясымен ашық сабақтар болып өтті. "Тағамдар" тақырыбында 1 "г" сыныбында ашық сабақ өткізген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, жас маман Дауылбаева Меруерт; "Параллелограмм мен ромбтың аудандарын есептеу жолдары" тақырыбында 8 "ә" сыныбында ашық сабақ өткізген математика пәні мұғалімі Камышева Роза Жиенбаевна; "Музыка тақырыбында (DON'T) LIKE, DON'T MIND, LOVE, HATE + ING қолдану" тақырыбында 5 "ә" сыныбында ашық сабақ өткізген ағылшын тілі пәні мұғалімі, жас маман Аманжолова Айгерим Ануаровна.