"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ж. Тәшеновтің туған күніне орай ұйымдастырылған іс-шара

21.03.2023 Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебіміздің оқушылары Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қазақтың біртуар азаматы, белгілі қайраткер Жұмабек Тәшеновтің туған күніне орай «Есімін елі ұлықтаған » атты «Жас зерттеуші» байқауы «Ж.Тәшеновқа арнау» ақындар сайысы,садақ ату жарысы,шахмат,дойбы жарысы конкурсына қатысты Конкурстың мақсаты: Жұмабек Тәшеновтің туған күніне орай ұйымдастырылып отырған конкурста дарынды балаларды қолдау, қайраткердің өмірі мен қызметін зерттеу, жаңа ұрпақтың патриоттық идеяларын анықтау. Және өзінің туған өлкесінің тарихына, ұлы тұлғаларына деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу. «Жас зерттеуші» байқауында жүлделі ІІІ орынды Касимова Сабира мен Баймұрат Сымбат, «Ж.Тәшеновқа арнау» ақындар сайысында Арғынбай Батима ІІІ орын, садақ ату жарысында Малшы Еділ,Берікбол Темірлан,Рүстем Шыңғысхан,Сакеева Жанерке,Абдрахманова Даяна,Ыдырыш Сара ІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ және «Халықаралық қазақ тілі қоғамының Аршалы аудандық филиалы» дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
Просмотров: 189


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст