21.03.2023
Наурыз мейрамын мерекелеу үшін 17 наурыз күні 5-10-сыныптардың қатысуымен "Ұлыстың ұлы күні - Наурыз" атты іс-шара өткізіліп, оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерден (Ат қою, бесікке салу, бата, жеті ата, тұсаукесер, тілашар, енші, селт еткізер, ұйқыашар, асату, ауылдың алты ауызы) дайындаған көріністерін көрсетіп, "Көнерген ұлттық тағамдар" кезеңінде ата-баба салтымен жалғасып келе жатқан ұлттық тағамдарды және көнеріп, қолданыстан шығып бара жатқан түрлерін де әзірлеп алып келіп, дайындаған тағам түрін таныстырып, насихаттады. Оқушылар, ата-аналар өз өнерлерін тарту етіп ән айтты, би биледі, күй тартты. Іс-шара қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен сыныптар марапатталды.