27.03.2023
27.03 күні мектеп жоспарына сәйкес мектеп директоры А.А.Туркестанбаева мектеп әкімшілігімен, бірлестік жетекшілерімен, мұғалімдермен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында кездесу жасап, бірге аталған мәселені талқылады.
Мақсаты мен міндеттері:
▪ құқықтық мәдениетті тәрбиелеу үшін мұғалімдер арасында әлеуметтік-құқықтық білімді зерделеу және насихаттау;
▪ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
▪ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту бойынша бастамаларды көтеру;
Кездесу барысында мұғалімдер мәселенің себебі мен салдарын талқылап, шешу жолдары бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды. Ұстаздар қауымы болашақта әлеуметтік-құқықтық сауатты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті жоғары азаматтар тәрбиелеп, білім беруде өз үлестерін қосатынын атап өтті.