И. Құтпанұлы атындағы орта мектебінде 25-26 қаңтар айында бастауыш сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы болып өтті. Төртінші сыныптардағы жиналыстың тақырыбы "Бастауыш білімнен - негізгі білімге" деп аталды. Ата-аналар жиналысы үшінші сыныптарда "Мен үшінші сынып оқушысымын", екінші сыныптарда "Мен екінші сынып оқушысымын", бірінші сыныптарда "Мен бірінші сынып оқушысымын" деген тақырыптармен өтілді. Жиналыста ғылыми қызметкер, мектебіміздің әдіскері Алима Кисымова Кисымқызы жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы негізінде жоспарланатын мұғалімнің күнделікті сабақ жоспарына өзгерістер енгізу туралы, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалау, оқушыға берілген күнделікті үй тапсырмасын тексерудің жаңа тәсілдерімен таныстырды. Ата-аналардың сұрақтарына түсіндіру жасалды. Ата-ана тарапынан мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысына қолдау көрсетілсе, алдағы уақытта тәрбиелі, білімді ұрпақты қалыптастырудың зор мүмкіндіктері бар екені айтылды.