16.09.2023
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3-тармағына сәйкес «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында 2023 жылдың 5 қыркүйегінде мектебімізде 8-11-сыныптармен қазақтың біртуар тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.
Міндеттері:
- диктантқа қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру;
- сауатты жазудың маңыздылығына назар аударту;
- этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуға атсалысу;