30.11.2023
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2023 жылдың 7 қарашадағы №650/15-11-04 хатының негізінде ауыл мектептерінің сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші (бастапқы) кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылының әкімшілік басқармасының бас маманы Енсебаева Арай Рахметовна мен мектеп директоры Түркістанбаева Ақнұр Арсысбаевна қатысып оқушыларға сәттілік тіледі.