07.12.2023
Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінің
«Мейірімге толы жүрек» психология апталығының 1-ші күні.
Мерзімі: 04.12.2023ж
Мақсаты: Оқушылардың психологиялық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасау,
оқушылардың және мұғалімдердің психологиялық денсаулығын сақтауға және
нығайтуға ықпал ету.
Психология апталығы музыкалық сәлемдесуден басталды, барлығы музыка ырғағында қағаз аспапта ойнады. Содан кейін балалар хаттар мен ізгі тілектерді жазып, «Жүректен жүрекке» тілектер жәшігіне жіберді. Балалар үлкен қызығушылықпен іс-шараларға белсенді қатысты. Үзілісте топтық ойындар өткізілді.