07.12.2023
Мектебімізде 4-желтоқсан күні "Қазақ тілі мен әдебиеті - ұлттық құндылық көзі" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің ашылу салтанаты ұйымдастырылып өтті. Онкүндіктің ашылу салтанатында Қазақ тілі тақырыбында ұранды әндер қойылып, қазақтың ұлттық ас мәзірінен, ұн тағамдарынан бауырсақтың түр-түрінен , сүттен жасалған құрт тағамдарынан дастархан жайылып оқушылар мен ұстаздар қауымы ауыз тиді. 2023-2024 оқу жылындағы мерейтой иелерінің өмірі, шығармашылығынан таныстырылым жасалып, қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты тақырыптар негізінде жасалған викториналық сұрақтарға оқушылар белсенділікпен жауап беріп, сыйлықтар иеленді.