Текст
Код сағаты – 180-нен астам елден бірнеше миллион студенттер мен оқушыларды қамтитын жаһандық қозғалыс. Дүние жүзіндегі адамдар информатика бойынша білім беру апталығы кезінде (4-10 желтоқсан) код сағатын ұйымдастырады. 7 желтоқсан Иманжүсіп мектебінің 9 сынып оқушыларына Назарбаев зияткерлік мектебінің информатика мұғалімдері Teams платформасында онлайн жүйеге кіріп оқушыларға Scratch бағдарламасында программа құру тапсырмаларын берді. Оқушылар информатика пәні бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады. Код сағатының мақсаты – қатысушыларды қарапайым және қызықты түрде бағдарламалаумен таныстыру және олардың нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын ояту.