30.01.2024
«Салтанат» қыздар ұйымының жиналысы
Қаңтардың 26-сы күні мектебіміздің акт залында «Салтанат» қыздар ұйымының жиналысы болып өтті. Жиналысқа 7-10 сынып қыздары қатысты. Тәрбие ісінің меңгерушісі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Манар Жакен мен ұйымның төрайымы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сердалы Жазира Кикбайқызы ұйымдастырған бұл жиналыстың мақсаты: ізетті, инабатты, адамгершіліктің асыл қасиеттерін түсіне білетін, сыпайы, ары таза, сымбатты да сұлу, өнерлі, білімді, болашағы жарқын қыздар тәрбиелеу болып табылады. Сонымен қатар ұйымның міндеттері құрылған жоспарға сәйкес атқарылатынын айтып, жоспарымен таныстырылды. Күн тәртібінің бірінші мәселесіне сәйкес Жазира Кикбайқызы «Қыз тәрбиесі – ұлттық тәрбие» тақырыбында баяндама оқып, мектеп психологы Ахметова Жанат Галымовна «Қоғамдағы және ғаламтордағы мінез-құлық ережелері» тақырыбында презентация көрсетіп, оқушылармен сұрақ жауап алмасты. Ағымдағы мәселелер бойынша, қыздардың мектеп ережесіне сай киінуі мен тәртіп сақтауы бойынша кеңес айтылды.