Текст
17 қаңтар мектебімізде Ақмола облысы Аршалы ауданы бойынша жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында баскетболдан аудандық жарыс өткізілді. Мақсаттары: Жарыс мектеп оқушыларын дене шынықтыру және спортпен күнделікті айналысуға тарту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және міндеттерді шешу мақсатында өткізіледі. Міндеттері: * балалардың бос уақытын ұйымдастыру; * өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту; * мектеп оқушылары арасында спорттың ойын түрлерін насихаттау; * муниципалдық жарыстарға қатысу үшін ең мықты ойыншыларды анықтау. Жарыс қортындысы бойынша І орын Аршалы ауданының №2 орта мектеп ІІ орын И.Құтпанұлы атындағы орта мектеп ІІІ орын Жібек жолы орта мектеп Құттықтаймыз!!!