"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық «Мәшһүр Жүсіп Көпеев оқулары»

31.01.2024

Бүгін, 31 қаңтар күні Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мәшһүр Жүсіп Көпеев оқулары» өтті. Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінен қатысқан 10 Б сынып оқушысы Әділжан Мұхит «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» номинациясы бойынша ақынға өз арнау-өлеңін шығарып, жүлделі 1-орынға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Айгүл Ертайқызы. «Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (ақын шығармаларындағы ұлттың ұлы тұлғаларын сипаттау) номинациясы бойынша 9 Ә сынып оқушысы Түменбай Айшабибі 2-орын, жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жакен Манар, 9 Б сынып оқушысы Хусайн Зарина 3-орынға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бахитжан Ботакөз. Оқушылардың жетістіктері құтты болып, қанаттары биікке самғай берсін! Құттықтаймыз!🤗

Просмотров: 370


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст