01.03.2024
2024 жылдың 29 ақпан күні 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Міндеттері: Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін бағалау және насихаттау, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.
Байқау қорытындысы:
5-7 сыныптар бойынша 7 «А» сынып оқушысы І дәрежелі дипломмен марапатталды,жетекшісі М.М.Айқынбаева.
2-4 сыныптар бойынша 4 «Ә» сынып оқушысы Қаршығақызы Айша І дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі А.Ш.Маханова. 4 «Ә» сынып оқушысы Сайлаубек Кәусар ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі А.Ш.Маханова. 4 «Ә» сынып оқушысы Бизат Іңкәр ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі А.Ш.Маханова. 2 «В» сынып оқушысы Қуан Айша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі А.К.Серікова. 2 «Г» сынып оқушысы Сатыш Қазына ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Омарбекова А.К. 4 «Г» сынып оқушысы Ерғали Айым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Б.Б. Амангелдиева. 4 «Ә» сынып оқушысы Мұстапа Мұхамедали ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі А.Ш.Маханова. 4 «А» сынып оқушысы Нурасылова Нурай алғыс хатпен марапатталды, жетекшісі А.К.Жанкишева. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!