04.03.2024
2024 жылдың 2 наурыз күні мектебімізде ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ:”Әкем айтқан асыл сөз” тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты:
✅Бала тәрбиесіне қоғамның мықты тобы әкелер рөлін арттыру.
✅Балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту.
✅Ізгілікті-рухани құндылықтар негізінде қоғамда белсенді азаматтарды қалыптастыру.
✅Отбасы, мектеп, жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты жандандыру.
✅Жасөспірімдер арасындағы бақылаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына ер азаматтарды тарту, бала бойында тәртіп, жауапкершілік, еңбекқорлық, шығармашылық қабілеттерді, салауатты өмір салтын қалыптастыруда әкелермен тәжірибе алмасу, ойбөлісу.
Кездесу бағдарламасы негізгі үш аялдама қортынды бөлімнен тұрды.
Әкелерді қарсы алу тіркеу.
І аялдама “БАЛА ТӘРБИЕСІ”
ІІ аялдама “ӘКЕ ӨСИЕТІ”
ІІІ аялдама”ОТ,ШОҚ-ЭНЕРГИЯ” тақырыптарында өрбіді.
Мектеп директоры және орынбасарлары баяндама жасады.
Қортынды жасай келе әкелер ойлары тыңдалып ұсыныстар қабылданды.