31.03.2024
29 наурыз күні мектебімізде 8-11 сынып оқушылары арасында ғылыми-зерттеу жобаларының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру;
Міндеттері:
- оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
- талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау;
- оқушылардың үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету және насихаттау;
Байқау қорытындысы:
І дәрежелі диплом 9 «Ә» сынып оқушысы Сайлаубай Жаннұр, жетекші мұғалім М.Жакен;
ІІ дәрежелі диплом 9 «Ә» сынып оқушысы Джамартова Аружан, Нұрғалиқызы Мадина, жетекші мұғалім Б.К.Абилсейтова;
ІІ дәрежелі диплом 8 «В» сынып оқушысы Орынбек Ақкербез, жетекші мұғалім Г.Санат;
ІІІ дәрежелі диплом 11 «А» сынып оқушысы Сарсекина Лунара, жетекші мұғалім А.К.Кенжалы;
Алғыс хатпен 8 «А» сынып оқушылары Демеуов Надир, Мади Нурмухамед марапатталды, жетекші мұғалім Д.У.Мажитова. Байқауға қатысушы оқушылар мен жетекші мұғалімдерге алғыс білдіреміз!!!