"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай оқуларының аудандық кезеңі

09.04.2024 2024 жылдың 4-сәуірінде Аршалы ауданы мектептерінің 8-11 оқушылары арасында республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңі өтті. Мақсаты: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға қызығушылықтарын арттыру. Міндеттері: Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттық рухани мұрасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушылар 6 номинация бойынша сайысқа қатысты.Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары жүлделі орындар иеленді. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында 8б сынып оқушысы Нұрланқызы Қарақат – ІІ орын. 8 в сынып оқушысы Орынбасарова Гүлсезім – ІІІ орын. «Абайдың қара сөздері» номинациясында 8 б сынып оқушысы Идрисова Аружан – ІІ орын. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясында 8 б сынып оқушысы Серикбай Аружан – ІІІ орын. «Көңілім әнді ұғады» номинациясында 10 б сынып оқушысы Заит Бақдәулет – ІІІ орын. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында 10 б сынып оқушысы Хусайн Шахизат– ІІ орын. «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясында 11 а сынып оқушысы Сарсекина Лунара– ІІ орын, 10 б сынып оқушысы Сәрсенбай Жалғас – ІІІ орын.
Просмотров: 290


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст