"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола дарыны»

21.05.2024 «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» 2024 жылдың 12-14 мамыр аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында II облыстық «Ілияс Есенберлин» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Бұл байқауға Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы ЖОББМ екі оқушы қатысты. Байқау екі айналым бойынша өтті. Бірінші айналымда оқушылар Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы бойынша тест тапсырды. Екінші айналымда «Ілияс Есенберлин» байқауы 3 номинация бойынша өткізілді. «Тарихтың көркем суреткері» - эссе жазу номинациясы бойынша 10 Б сынып оқушысы Мақсұт Наргиз жүлделі 3-орынға ие болды. «Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ ...» номинациясы бойынша 10 Б сынып оқушысы Берікбол Темірлан жүлделі 3-орынды иеленді. Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Алар асулары көп болсын! Оқушылардың жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Айгүл Ертайқызы «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» КММ директоры Е.Ж.Оразов мырзаның қолынан Аршалы ауданының ең көп жүлделі орындар алғандығы үшін сыйлыққа ие болды. Конкурстан кейін ұйымдастырушылар оқушылар мен жетекшілері үшін Ілияс Есенберлин атындағы мұражай мен ескерткішіне экскурсия ұйымдастырды. Одан кейін мәдениет үйінде болып, талантты жазушының құрметіне орай дайындалған әдеби-сазды кештің қонағы болды.
Просмотров: 450


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст