Текст
2023-2024 оқу жылында негізгі мектепті бітіруші түлектер саны-92, жалпы мектепті бітірушілер саны-52. Жалпы мектеп бітірушілер арасында “Алтын белгіге” үміткер 3 оқушы. Олар: Куанышбаева Сабина, Сарсекина Лунара, Сұлтан Асылжан.“Үздік аттестатқа” үміткер 3 оқушы. Олар Зайт Бейбарыс, Көзебай Мадина, Жанайдар Лея.Бұл түлектер мектеп өміріне белсенді қатысқан, сабақ үлгерімі өте жоғары оқушылар. Мектеп ұжымы мен оқушыларға сыйлы. Мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға, жарыстарға белсене араласып, түрлі грамоталармен марапатталған.