Иманжүсіп Құтпанұлының шығармасын насихаттау мақсатында аудан көлемінде И.Құтпанұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу ұйымдастырылды. Қатысушылардың нәтижелері 16 қарашада белгілі болады.
Аудандық «Даланың дара дүлділі»
Иманжүсіп оқуларының Ережелері
Мақсаты: Оқушылар арасында Иманжүсіп Құтпанұлы шығармашылығын насихаттау, аудан көлемінде дарынды оқушыларды анықтау, ынталандыру.
Қатысушылар: 7-11 сынып оқушылары
Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімі: 19 қазан мен - 10 қараша аралығы, 2020 жыл.
Қорытынды уақыты: 12 қараша 2020 жыл
Ұйымдастырушы: Аршалы аудандық білім бөлімі, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебі
1. Байқау бағыттары мен тапсырмалары:
1. «Ақынмен сырласу!» (И. Құтпанұлы өлеңдерін мәнерлеп оқу видео форматында);
2. «Сайра тілім!» (И. Құтпанұлына өз шығармашылығынан арнау өлеңдер видео форматында);
3. «Ән қанатында!» (И. Құтпанұлы әндерін орындау видео форматында);
4. «Иманжүсіп әлемі» (И. Құтпанұлының шығармашылығына арналған эссе, шығарма, зерттеу жұмыстары, мақала)
Байқауға жұмыстар қазақ, орыс мектептерінен қабылданады. (Интернеттен көшірілген материалдар қабылданбайды.)
2. Байқауға қатысушылар:
*Бірінші жас санаты: 5-7 сынып оқушылары;
*Екінші жас санаты: 8-11 сынып оқушылары.
3. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі:
Байқау жұмыстары 2020 жылдың 12 қазанынан бастап 4 қарашасына дейін қабылданады. Байқауға ұсынылған жұмыстар тақырыпқа сай болуы тиіс. Жұмыстарды imanzhusup_kutpanyli@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.
4. Бағалау өлшемдері:
1. Шығарманы оқу мәнерлігі;
2. Ақындық қабілетінің асқақтығы;
3. Әнді орындау шеберлігі;
4. Мәтіннің көркемдік құрылымы, тіл байлығы.
Видео түсіру сапасы, киім талғамы, артқы фонның лайықтылығы ескеріледі.
5.Қорытынды:
Жеңімпаздар - Бас жүлде – Иманжүсіп Құтпанұлының арнайы кубогі мен дипломымен әр бағыт бойынша, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Орын алмаған оқушыларға сертификаттар беріледі. Жеңімпаз оқушылардың жетекшісілеріне алғыс хат беріледі.
Қосымша сұрақ бойынша :
Байланыс телефондары: 87012876076 (Сулушаш Турсынгалиевна),
87778176520 (Амина Кумарбековна)
Қосымша 1
Байқауға қатысуға сұраныс үлгісі
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Мектебі |
Сыныбы |
Байқау номинациясы |
Жетекшісінің аты-жөні |
|
|
|
|
|
|