"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Даланың дара дүлділі» атты онлайн Иманжүсіп оқуларының қорынтындысы

25.11.2020

Оқушылардың күзгі каникул кезінде тұңғыш рет Аршалы аудандық білім бөлімі мен Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі «Даланың дара дүлділі» атты онлайн Иманжүсіп оқуларын өткізіп қорынтындысы онлайн ZOOM платформасында өткізілді.Осы іс-шараның ұйымдастыруына, өткізуіне ат салысқан Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебің директоры Туркестанбаева Акнұр Арысбаевна қатысушы оқушыларды құттықтады. Әділ бағасын берген қазылар алқасының мүшелері – Аршалы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Мамбетов Талғат Жанабергенович, аудандық қазақ тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, тәжірибелі ұстаз Ауғанбай Жұмай аға, жас журналист- ақын, Еуразия Ұлттық университетінің магистранты, Иманжүсіп мектебінің түлегі Сериков Аль-Фараби Темір…Оқушылардың күзгі каникул кезінде тұңғыш рет Аршалы аудандық білім бөлімі мен Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі «Даланың дара дүлділі» атты онлайн Иманжүсіп оқуларын өткізіп қорынтындысы онлайн ZOOM платформасында өткізілді.Осы іс-шараның ұйымдастыруына, өткізуіне ат салысқан Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебің директоры Туркестанбаева Акнұр Арысбаевна қатысушы оқушыларды құттықтады. Әділ бағасын берген қазылар алқасының мүшелері – Аршалы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Мамбетов Талғат Жанабергенович, аудандық қазақ тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, тәжірибелі ұстаз Ауғанбай Жұмай аға, жас журналист- ақын, Еуразия Ұлттық университетінің магистранты, Иманжүсіп мектебінің түлегі Сериков Аль-Фараби Теміржанұлы қатысушы оқушыларды құттықтап, жіберілген жұмыстарға сараптама жасады. Осы сайысқа аудан мектептерінен 15 мектептен 41 оқушы қатысты. 8 оқушы жүлделі ІІІ дәрежедегі Дипломмен және қола медальмен марапатталды. 7 оқушы жүлделі ІІ дәрежедегі Дипломмен және күміс медальмен марапатталады.І дәрежедегі Диплом мен және Алтын медальмен 5 оқушы марапатталды. "Жүріктен жүйрік озар" –демекші аталған үш номинация бойынша Бас жүлде иегерлері:

1. «Арнасай ОМ» оқушысы: Веселова Дарья-«Акынмен сырласу» номинациясы бойынша –Гран-при жеңімпазы атанды.

2. «Николаев негізгі мектебі» оқушысы: Ерлан Жанерке-«Иманжүсіп әлемі» эссе байқауының - Гран-при жеңімпазы атанды.

3. Жалпы білім беретін Сарыоба орта мектебінің оқушысы: Айвек Еркеғали-«Сайра тілім!» номинациясы бойынша- Гран-при жүлдегері атанды.

Бас жүлде мен І орын жүлдегерлерінің ұстаздары Аршалы аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталады:

Олар: Анисимова Ирина Владимировна- Арнасай орта мектебі

Сейдахмет Қызғалдақ Қарамерген қызы –Николаев негізгі мектебі

Ауғанбай Жұмай – Сарыоба орта мектебі

Алкеева Айгерім Дохтырбаевна – Кутпан орта мектебі

Махаббат Қырмызы –Абай орта мектебі

Калемшариев Сайлаухан КостомарНегізгі мектебі

Жұнусова Амина Құмарбековна –Кутпан орта мектебі

Кадырбаева Бибигүл Кенесбаевна – И.Құтпанұлы орта мектебі

Қалған қатысушы оқушыларға Иманжүсіп оқуларының Сертификаттары табысталды.

Сонымен құрметті Иманжүсіп оқуларына қатысқан оқушылар және ұстаздар, осы іс- шараны ұйымдастырып өткізген Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы мектеп ұжымына және соның ішінде тәрбие ісі меңгерушісі: Татенова Слушаш Турсунгалиевнамен басынан аяғына дейін осы шараның ұйымдастырылуына белсенділік танытқан қазақ тілі пәні ұстаздарына өз ризашылықтарын білдірді!

 

Просмотров: 315


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст