"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бракераждық комиссия мүшелерінің асхананы тексеруі

Бракераждық комиссия мүшелерінің асхананы тексеруі

Мектептегі тамақтану

           Оқушылардың мектепте болған кездеріндегі ыстық тамақпен қамтылуы, олардың денсаулығын сақтауларына, жақсы оқуларына әсер етеді.  Оқушылардың көп уақыттары мектепте өтетіндіктен  мектепте  жақсы тамақтануды ұйымдастыру біріншіден олардың  денсаулық деңгейін көтереді.Сол себепті  өсіп келе жатқан жеткіншектердің дұрыс тамақтануы ең басты фактор болып саналады.Толық және құнарлы тамақтану әр түрлі аурулардың алдын алады,оқуда жұмыс атқару әрекетін арттырады, физикалық және ойлау қабілетінің дамуына, қазіргі өмірге бейімделуіне ықпалын тигізеді.

       Орта білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларының 5 тармағының 80-бабына(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы №717 бұйрығы) сәйкес И.Құтпанұлы орта мектебінде   ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп әкімшілігінің, медицина қызметкерінің  қатысуымен тамақтандырудың сапасына мониторинг жасау мақсатында бракераждық комиссия мүшелері құрылды.
 

Ата-аналар мен оқушыларға кеңес

Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар

1.Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы(нәруыз,май,көмірсу)
2.Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер,микроэлемент)
3.Тамақ нәрлілігі адам жасына,денсаулық күйіне,табиғат климатына байланысты
4.Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау
5.Тамақтанудың санитарлық-гигиеналық нормаға сай болуы

Тамақтану тәртібі

Тамақтану тәртібі дегеніміз-ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну,сондай-ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау.

Тамақтану принциптері:

-Тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

-Тәулігіне белгілі бір мөлшерде үш-төрт рет тамақтану керек.

-Тамақ құнарлы болғаны жөн.себебі адам ағзасы дұрыс қабылдайтын,оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері,яғни белок,майлар,витаминдер,минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт.Бұл ретте дәрігер диетологтың да кеңесі артық болмайды.
 

Мектеп асханасындағы тәртіп.

-Асханағак ұйымдасқан түрде кіру керек.

-Итеруге,айқайлауға болмайды. «ТЫНЫШТЫҚ САҚТА»

-Тамақ ішер алдында қолыңды жу.

-Тамақ ішіп отырған кезде сөйлеуге болмайды.

-Стол басында нанмен ойнама,көршіңе кедергі келтірме.

БӘРІН ЖЕУГЕ ТЫРЫС.

-Асханадан тамақты алып шықпай,бәрін жеуге тырыс.

-Өзіңнің ыдысыңды көршіңе жылжытпа.

-Тамақ ішіп тұрған соң,орындығыңды жылжыт.

- «Рахмет» айтуды ұмытпа.
 

Жаңартылған күні: 24.05.2020 16:36
Құрылған күні: 24.05.2020 23:28

Текст