"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай дана, Абай дара қазақта!

19.04.2024 Қазақтың біртуар данасы, данышпаны,ғұламасы ұлы Абайды танытып білдіру, оның ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, Поэзияны сүйдіру, ақынның шығармаларын оқу жаттау арқылы өмірлік құндылықтарды түсіндіру, рухани танымдарын кеңейту, ақ- қараны айырып, ғұмырлық адами мұраттарға ұмтылдыру мақсатында 514 бұйрыққа сай кезекті мектепшілік Абай оқулары 5-7-сыныптар арасында 4 номинация бойынша өткізілді.Сайысқа балалар өтежақсы дайындықпен келген екен. Жақсы нәтижелер көрсетті. «Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы» номинациясы бойынша 5-сыныптар арасынан Тоқтасын Сезім бас жүлдені, Ауангарт Бибиза 1-орынды, Сұлтан Нурасыл 2-орынды, Ербол Бейбарыс пен Зайт Нұрдос 3-орындарды иеленді. Ал 7-сыныптар бойынша Уәлихан Айзия бас жүджені, Тұрысбек Сабина 1-орынды, Қойшыбаева Арайлым 2-орынды, Сұлтан Ақерке 3-орынды иеленді «Абайдың қарасөздері» номинациясы бойынша 7-сыныптар арасынан Абдурайм Диана бас жүлдені, Шаграева Мариям 1-орынды, Идрисова Аяжан 2-орынды, Атығай Еркежан 3-орынды иеленді. «Көңілім әндә ұғады» номинациясы бойынша 6-сынып оқушысы Мұханбет Томирис 1-орын, 5-сынып оқушысы Есентаева Айлана 2-орын, 7-сынып оқушылары Бейсенбаева Нурайым мен Ержан Қазына дуэт орындап 3-орынды иеленді. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 6-сынып оқушысы Берденбек Каусар 2-орынды иеленді, Ұлы Абайды танытып білдіру, оның өлеңдерімен сусындату жас ұрпақты өмір атты асау ағыста адастырмай,дұрыс бағыт,бағдар көрсететініне күмәніміз жоқ. Абай дара, Абай дана қазақта!
Просмотров: 442


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст